
Бағдарлама жетекшісі
Киреева Анель Ахметовна
Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Scopus ID: H-index=13 (56530815200)
Researcher ID: H-index=7 (N-6029-2016)
ORCID: 0000-0003-3412-3706
Бағдарламаға жалпы ғылыми және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады, зерттеудің әдіснамалық тұжырымдамасын қалыптастыруға, іске асыру кезеңдерін үйлестіруге және №135 техникалық тапсырмаға сәйкес бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауап береді.
Бағдарлама шеңберінде төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламаны іске асырудың құрылымы мен логикасын әзірлеуді;
- институционалдық, кадрлық және цифрлық бағыттар бойынша зерттеулерге әдіснамалық сүйемелдеуді;
- зерттеу тобының жұмысын үйлестіруді және серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылды;
- ғылыми нәтижелердің сапасын бақылауды және олардың жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық құжаттарға сәйкестігін;
- ғылыми есептерді, талдамалық материалдар мен ұсынымдарды даярлауды;
- зерттеу нәтижелерін халықаралық рецензияланатын басылымдарда (Scopus, Web of Science) және ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда жариялауды.
Білім экономикасы, цифрландыру, адами капиталды дамыту және институционалдық реформалар салаларында пәнаралық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды басқару, сондай-ақ зерттеу жобаларын іске асыру тәжірибесіне ие.

